355

Атырауда блогерді ұрып-соққан 2 күдікті әйел ұсталды

Блогер Стамбулға апарамын деп алдын ала төлем алған көрінеді.

Атырауда блогерді ұрып-соққан 2 күдікті әйел ұсталды
Halyqstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда блогер Құралай Болатованы ұрып-соғу және ұрлау ісі бойынша күдікке ілінген екі қыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Алдағы уақытта тергеушінің өтініші бойынша сот күдіктілерге бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесін қарамақ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 13 мың жазылушысы бар Құралай Болатованың соққыға жығылғаны хабарланған. Алдын ала мәліметке сәйкес, блогер мен тур ұйымдастырушы арасындағы Стамбулға сапарға байланысты келіспеушілік жанжалға ұласқан.

Ұйымдастырушы мен оның құрбысы Құралаймен кездесуге сылтау айтып, оны қала сыртына – зират маңына алып кеткен. Сол жерде олар блогерді ұрып, қорлаған.

Материал авторы