Балқашта ағаштарды бетонмен құйып тастаған: Әкімдік түсініктеме берді

10.10.2025, 13:26
591
Балқашта ағаштарды бетонмен құйып тастаған: Әкімдік түсініктеме берді бейнежазбадан

Не үшін ағаш түбіне бетон құйып тастағаны белгісіз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Балқаштағы абаттандыру жұмыстары кезінде ағаштардың түбімен қоса бетонмен құйылып жатқан сәттер түсірілген видео тарады. Бұл жағдай қала тұрғындарының ашуын туғызды.

Кадрлардан бірнеше көшеде тратуар төсеу кезінде мердігерлердің ағаштардың түбін толығымен бетонмен жауып тастағанын көруге болады. Соның салдарынан ағаш тамырлары ауа мен ылғалға қол жеткізе алмай қалған.

Тұрғындар мұндай әрекетті «жасыл желекке жасалған вандализм» деп атап, тиісті органдардан жағдайды түзетуді талап етті.

Редакция Liter.kz бұл оқиғаға қатысты Балқаш қаласының әкімдігінен түсініктеме сұрады.

«Қазіргі таңда мердігер ұйым — “TAZA QALA IJF” ЖШС — ағаштардың айналасындағы бетонды толық алып тастады. Ағаш түбі тазартылып, қалыпқа келтірілді», — деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар ведомство өкілдері егер мұндай жағдай қайталанса, мердігер ұйым Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 322-бабына сәйкес («Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Бұл айыппұл салу немесе келісімшартты бұзумен аяқталуы мүмкін.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады