Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін өмірге әкелді
Қасымнан табылған жан жарыма рақмет дейді Айжұлдыз.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанды. Ол сүйінші жаңалықты өз парақшасында бөлісіп, екінші сәбиін аман-есен дүниеге әкелгенін хабарлады.
«Біз сені күттік, бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет», — деп жазды Айжұлдыз жазбасында.
Оның қуанышына желі қолданушылары ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды:
«Бауыр берік болсын», «Қандай қуанышты жаңалық!», «Сылдырмақ аға болыпты ғой», «Айжұлдыздың аман-есен қалғанына қуаныштымыз», «Алла денсаулық берсін» деген пікірлер көптеп жазылды.
Айта кетейік, Айжұлдыздың алғашқы некесінен Назар есімді ұлы бар. Оның әкесі — мобилограф Қыран Талапбек. Өткен жылы блогер ұлының тұсаукесерін өткізіп, көпшілікке алғаш рет баласының жүзін көрсеткен еді.
«Әжесінің баласы, әжесінің данасы, әжесінің чемпионы, әжесінің ақпатшасы. Танысып қойыңыздар — Сылдырмақ, Назар Адайбеков. Түкіріп қойыңыздар да артық етпейді. Туған күнің құтты болсын, балапаным», — деп жазған болатын сол кезде блогер.
Материал авторы