ХАМАС соңғы израильдік тұтқындарды босата бастады: бейбіт келісімге қол қою Мысырда өтпек

13.10.2025, 09:09
380
ХАМАС соңғы израильдік тұтқындарды босата бастады: бейбіт келісімге қол қою Мысырда өтпек AP Photo

ХАМАС 737 күн тұтқында болған израильдіктерді жіберді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Палестиндік ХАМАС ұйымы 737 күн тұтқында болған соңғы жеті израильдікті Қызыл Крест халықаралық комитетіне тапсырды. Бұл туралы 13 қазан күні Израиль мен Газа арасындағы Нецарим дәлізінде хабарланды. Тағы бір топ тұтқынды босату рәсімі күні бойы Хан-Юнис қаласында жалғасады.

Азат етілген адамдардың кейбірінің жағдайы ауыр екені айтылды. Оларды Израиль әскерилері Реим базасына жеткізіп, медициналық тексеруден өткізбек. Кейін олар туған-туыстарымен қауышады.

Босатылғандардың ішінде тірі жетпегендері де бар. Келісім бойынша, тұтқында қаза тапқандардың денелері 72 сағат ішінде Израиль жағына қайтарылуы тиіс.

Азат ету рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп қатысты. Ол кейін Египетке ұшып, бейбіт келісімге қол қою рәсіміне қатыспақ. Египет тарапының хабарлауынша, 13 қазан күні Шарм-эш-Шейх қаласында өтетін халықаралық «бейбіт саммитке» 20-ға жуық елдің көшбасшылары қатысады. Олардың қатарында Ұлыбритания премьері Кир Стармер мен Германия канцлері Фридрих Мерц бар.

ХАМАС өкілдері бұл рәсімге қатыспайды — тек АҚШ, Израиль және ара ағайын елдердің делегациялары ғана болады.

10 қазаннан бастап күшіне енген оқ атпау режимі Трамп ұсынған бейбіт жоспардың алғашқы кезеңі болып саналады. Оның аясында Израиль қалған тұтқындардың бәрін босатуға келісті, ал ХАМАС жауап ретінде шамамен 250 өмір бойы сотталған палестиндікті және 1700-ге жуық тұтқынды азат етуге дайын.

Сонымен қатар, Израиль әскері Газадағы белгілі бір шепке дейін артқа шегінеді, ал аймаққа гуманитарлық көмек жіберіледі — Египеттен шамамен 400 жүк көлігі азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізбек.

ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс 2023 жылдың 7 қазанында басталған еді. Сол күні ХАМАС Израиль аумағына басып кіріп, мыңдаған зымыран атқылаған. Шабуыл кезінде 1200 адам қаза тапты, тағы 250 бейбіт тұрғын тұтқынға алынды.

Жауап ретінде Израиль Газа секторында ауқымды әскери операция жүргізіп, соңғы екі жылда 67 мыңнан астам палестиндіктің қаза тапқаны хабарланды.

Қазір тараптар Трамптың жаңа бейбіт жоспары негізінде соғысты тоқтатуға келіскенмен, Газадағы билік пен қауіпсіздік мәселесі әлі ашық күйде қалып отыр.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті