Берлиндегі Ресей елшілігінің маңында пышақ ұстаған әйел ұсталды
Әйел тәртіп сақшысының жанына келіп, пышақты оның бетіне жақындатқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Берлин полициясы Ресей елшілігінің алдында пышақпен жүрген 31 жастағы әйелді ұстады. Ол елшілікті күзетіп тұрған полиция қызметкеріне пышақ кезеп, ксенофобиялық балағат айтқан. Бұл туралы неміс полициясы 12 қазан күні хабарлады.
Оқиға 11 қазан күні түске таман болған. Әйел тәртіп сақшысының жанына келіп, пышақты оның бетіне жақындатқан. Полиция қызметкері табельдік қаруын шығарып үлгерген сәтте күдікті қашып кеткен. Алайда көп ұзамай ол ұсталып, ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, әйелдің әрекетінде мінез-құлық ауытқуы байқалған, сондықтан одан есірткі мен басқа заттарға анализ алынған. Тергеуді Берлиннің қылмыстық полициясы мен мемлекеттік қауіпсіздік бөлімі жүргізіп жатыр.
n-tv телеарнасының хабарлауынша, әйелдің қорлауы полиция қызметкерінің ресейлік азамат деп ойлауынан шыққан.
Оқиға Ресей елшілігінің маңында, Унтер-ден-Линден бульварында, Бранденбург қақпасының жанында болған.
Материал авторы