378

НАТО Франция жағалауында Ресейдің «Новороссийск» сүңгуір қайығын байқады

НАТО бақылауды күшейткен.

НАТО Франция жағалауында Ресейдің «Новороссийск» сүңгуір қайығын байқады
wikipedia.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның Атлант жағалауында Ресейдің «Новороссийск» атты сүңгуір қайығы байқалды. Бұл туралы 9 қазанда НАТО-ның Теңіз қолбасшылығы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Альянс мәліметінше, сүңгуір қайықтың қозғалысын Франция Әскери-теңіз күштерінің фрегаты бақылауда ұстап отыр.

«НАТО альянс мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын және Атлант мұхитының барлық аймағында теңіздегі жағдайды тұрақты бақылап отырады», – делінген ұйымның хабарламасында.

Ресей Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

«Новороссийск» – 636.3 жобасы бойынша «Адмиралтей верфтері» зауытында жасалған алты сүңгуір қайықтың алғашқыларының бірі. Бұл үлгідегі қайықтар «Калибр-ПЛ» қанатты зымыранымен жарақталған және Қара теңіз флотына тиесілі.

Материал авторы