Бишімбаев ешқандай “VIP” жағдайсыз отырғаны айтылды
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бишімбаевтың қарапайым түрмеде отырғанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев ешқандай артықшылықсыз, басқа сотталғандармен бірдей жағдайда жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков хабарлады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші