Қабырғасы сынған әже: 77 жастағы әжені итерген полицей жазаланды
Мәжбүрлі көшіру кезінде әжені жарақаттаған полицей қызметінен қуылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 77 жастағы зейнеткерге күш қолданған полиция қызметкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Оқиға қазан айының басында Өтеген ауылында болған. Мәжбүрлі көшіру кезінде тәртіп сақшыларының бірі кейуананы қатты итеріп жіберген. Салдарынан ол темір тұтқаға соғылып, жарақат алған. Кейін дәрігерлер оның қабырғасы сынғанын анықтады.
«Әйелге күш қолданған полицей қызметінен босатылды. Сонымен қатар, оның тікелей басшылығына қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды», — деді министр.
Қазір ІІМ бұл жағдайды ерекше бақылауға алған.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор