586

Люкс өмірден тігін машинаға дейін: Перизат Қайрат колонияда жұмыс істейді

Перизат Қайрат түрмеде тігін тігуді үйренеді.

Люкс өмірден тігін машинаға дейін: Перизат Қайрат колонияда жұмыс істейді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер вице-министрі Абай Қайырбеков сотталған Перизат Қайраттың қай жерде және қандай жұмыс атқаратыны туралы айтты.

Оның сөзінше, Перизат Қайраттың колониядағы қызметі оның кәсіби біліктілігі мен түзету мекемесіндегі бос жұмыс орындарына байланысты анықталады.

«Қолайлы бос орындар қаралады. Егер кәсіби дағдылары жеткіліксіз болса, түзеу мекемесінің ішінде оқыту курстары немесе колледждерде даярлық жүргізіледі. Қайрат тігін өндірісінде не шаруашылық жұмыстарында еңбек етуі мүмкін», — деді Қайырбеков.

Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың жалақысы істеген жұмысының көлеміне қарай есептеледі, бірақ ең төменгі жалақыдан аз болмайды.

Сонымен қатар, ол Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваны бір колонияға орналастыру мүмкін екенін де растады.

«Оларды бір мекемеде ұстау қарастырылуы мүмкін. Бірақ бір немесе әртүрлі отрядта болу мәселесі мекеменің ішкі жағдайы мен қауіпсіздік талаптарына сай шешіледі», — деді ол.

Айта кетейік, биыл 25 шілдеде сот Перизат Қайратты 10 жылға, ал оның анасын 7 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу мәліметінше, олар 3,5 миллиард теңгені жымқырған. Бұл қаражат қайырымдылық мақсатында — мүмкіндігі шектеулі балаларға, су тасқынынан және соғыстан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған.

Сот үкімі бойынша Перизат Қайраттың элиталық жылжымайтын мүлкі, люкс көліктері мен қымбат әшекейлеріне тыйым салынды.

Материал авторы