Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынды

05.04.2023, 14:07
612
Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынды El.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40 пайызға жуығы ажырасады деген сөз. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Дәулет Мұқаев.

Оның пайымынша, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алары анық.

«Сондықтан мемлекеттік деңгейде «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна 50 пайызды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады», - деді Мәжіліс дептутаты.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды