Польшада ресейлік ерлі-зайыптыға тыңшылық пен жарылғыш зат жөнелту ісі бойынша айып тағылды

14.10.2025, 09:45
252
Польшада ресейлік ерлі-зайыптыға тыңшылық пен жарылғыш зат жөнелту ісі бойынша айып тағылды poland.mid.ru

Оларды Польша прокуратурасы шпион деп айыптап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Польша прокуратурасы Ресейдің екі азаматына – Игорь Р. мен Ирина Р.-ға Ресейдің барлау қызметіне жұмыс істеді деген айып тақты. Тергеу мәліметінше, олар Мәскеу пайдасына ақпарат жинап, Польшаның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін деректерді жеткізген.

Бұдан бөлек, Игорь Р.-ға қосымша ауыр айып тағылды — ол 2024 жылдың шілдесінде тағы бір ресейлік және екі украин азаматының көмегімен жарылғыш зат салынған сәлемдемені курьерлік қызмет арқылы жіберуге қатысқан деген күдік бар.

«Сәлемдемеде тротил мен нитроглицерин тәрізді жарылғыш заттар, сондай-ақ әскери үлгідегі электродетонаторлар мен іске қосу құрылғылары болған», — делінген прокуратураның ресми хабарламасында.

Тергеушілердің айтуынша, бұл әрекет көптеген адамның өміріне қауіп төндіріп, ірі материалдық шығынға әкелуі мүмкін жарылыс жасау қаупін туғызған.

Айта кетейік, биылғы қыркүйекте Польша билігі Ресей тарапынан қолдау тапқан деп болжанған шетелдік тыңшылық және диверсиялық желіге қатысы бар 15 күдіктіге айып таққан.

Польшаның ресми өкілдері соңғы жылдары ел Ресей бастаған гибридтік шабуылдардың нысанасына айналғанын, әсіресе 2022 жылы Украинаға толық көлемде басып кіргеннен кейін мұндай әрекеттердің күшейгенін мәлімдеді.

Польша ІІМ дерегінше, соғыс басталғалы бері елде Ресей мен Беларусь мүддесіне тыңшылық немесе диверсия жасады деген күдікпен кемі 44 адам ұсталған.

Соңғы екі жылда Еуропаның түрлі елдерінде ондаған диверсия мен шабуыл тіркеліп, олардың артында Ресейдің барлау құрылымдары тұрғаны анықталған. Кремль бұл айыптарды үздіксіз жоққа шығарғанымен, сот істері мен дәлелдер керісінше жағдайды көрсетіп отыр.

Мәселен, биыл наурызда Лондон соты Ұлыбританияда тұратын болгар тектес бірнеше азаматты Ресей пайдасына тыңшылық жасап, журналист Христо Грозевті өлтіру немесе ұрлау жоспарына қатысы бар деп айыпты деп таныған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды