Астанаға іздеуде жүрген бұрынғы адвокат экстрадицияланды
Адвокат аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдікті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Интерпол ҰОБ-мен бірлесіп, 2025 жылғы 11 қазанда шетелден Астанаға Қазақстан азаматын — бұрынғы астаналық адвокаттар алқасының мүшесін экстрадициялады.
Құзырлы органдардың мәліметінше, ер адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері тергеуден жасырынған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық істің өзге деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші