578

«Гармонияда өмір сүрсін дедім»: Айжұлдыз Адайбекова ұлына ерекше есім берді

Екінші рет ана атанған Айжұлдыз Адайбекова сүйіншісін әлеуметтік желіде бөлісті.

«Гармонияда өмір сүрсін дедім»: Айжұлдыз Адайбекова ұлына ерекше есім берді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова ұлына қандай есім бергенін жария етті.

«Қағаров Санат Сәкенұлы», – деп жазды Айжұлдыз Instagram парақшасында.

Актрисаның айтуынша, «Санат» сөзі үйлесім мен келісімді білдіреді, ал бұл мағына оған ерекше жақын.

«Мен оның өмірі әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын. Байқасам, айналамдағы көп адамның есімінде екі не төрт дауысты бар. Бұл жай сәйкестік емес сияқты. Мысалы, анам – Жанар, ұлым – Назар, жұбайым – Сәкен, енді міне – Санат», — деді Айжұлдыз.

Айжұлдыздың жұбайы, экстремал-блогер Сәкен Қагаров та бұл қуанышты жаңалықты Instagram-да бөлісіп, нәзік жазбамен бірге әсерлі видео жариялаған.

Желі қолданушылары жас ата-аналарды жаппай құттықтап, анасына тез сауығып кетуді, ал кішкентай Санатқа мықты денсаулық пен бақыт тіледі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор