374

Сауд Арабиясында қазақстандық чемпионға бір жылға түрмеге қамалды

19 жастағы Риддер тұрғыны енді араб түрмесінде жазасын өтемек.

Сауд Арабиясында қазақстандық чемпионға бір жылға түрмеге қамалды
Сергей Веселовтың жеке архиві

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясы соты Риддер қаласының 19 жастағы тұрғыны, пауэрлифтингтен чемпион Сергей Веселовты бір жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды.

Ол 27 маусымда Мәдина қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Сот Веселовты кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Спортшының мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғаған.

«Веселовтың ісі Сауд Арабиясының жергілікті заңнамасы аясында қаралды. Қазақстанның консулдығы жергілікті органдармен байланыста және сотталған азаматтың туыстарымен хабарласып отыр. Вена конвенциясына сәйкес, Веселовқа аудармашы мен консулдық көмек көрсетілді», — деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Сергей Веселов — пауэрлифтингтен Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері.

Оны ұстағаннан кейін алғашқы аптада ол отбасымен байланысқа шыққан, алайда кейін хабарсыз кеткен. Кейін белгілі болғандай, спортшы тергеу изоляторында болған.

Материал авторы