374

«Дикий Арман» бостандыққа шығуға үмітті

Қаңтардан соң сотталған Дикий Арман апелляциялық сотқа шағым түсірді.

«Дикий Арман» бостандыққа шығуға үмітті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алғашқы сатыдағы сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиев апелляциялық шағым түсірді.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, сот отырысы басталғанын мәлімдеді. Іс жабық режимде қаралып жатыр.

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделді өкілі Арман Жұмагелдиевті («Дикий Арман» деген атпен танымал) ұстаған болатын.

Кейін Бас прокуратура «Дикий Арман» тобының 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын хабарлаған еді.

2023 жылдың қыркүйегінде Алматы маңындағы №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды.

2025 жылдың қаңтарында сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор