Конференцияның ұйымдастырушысы – Қазақстандағы ең ірі банк Halyk. Іс-шара цифрлық төлемдер саласындағы жаһандық көшбасшы Visa компаниясымен серіктестікте өткізіледі. Конференция тәжірибе алмасу, технологиялық үрдістерді талқылау және қаржылық технологиялардың болашағын бірлесе дамытуға арналған алаңға айналады.
Halyk OIY Tech – бұл жай ғана пікір алмасу алаңы емес. Қатысушыларды келесідей мазмұнды бағдарламалар күтеді:
• SuperApp Halyk және Onlinebank жобаларының тәжірибесінен алынған қолданбалы кейстер;
• архитектуралық шешімдерге арналған техникалық сессиялар;
• ауқымды жүйелермен жұмыс істейтін сарапшылардың кәсіби ұсыныстары;
• нетворкинг пен мансаптық өсімге арналған бірегей мүмкіндіктер.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – банк секторында жасанды интеллектіні тәжірибелік тұрғыда қолдануғаарналған «Финтехтегі жасанды интеллект» трегі болмақ.
Қатысушылар Halyk Tech бөлім басшылары мен шешім архитекторларының баяндамаларын тыңдап, жасанды интеллектіні нақты бизнес-процестерге енгізу тәжірибесімен танысады.
Сессиялар аясында негізгі тақырыптар қарастырылады:
• Gen-AI және бизнес: генеративті технологиялар өнімдерді дамыту тәсілін қалай өзгертеді және тиімділікті арттырады;
• Болашақтың цифрлық банкі: жасанды интеллектінің идеядан өндірістік енгізуге дейінгі жолы;
• Миллиондаған клиенттер үшін дербестендіру: жеке клиенттік тәжірибе қалыптастыру үшін деректер мен модельдерді пайдалану.
Halyk OIY Tech конференциясы Қазақстан Президентінің соңғы Жолдауында атап өтілген міндеттерге – жасанды интеллектіні жедел енгізу мен экономиканы цифрландыруға жауап береді. Бұл конференция IT мамандары арасындағы тәжірибе алмасуға арналған жаңа платформа болмақ, онда финтехтің болашағын айқындайтын нақты міндеттер, архитектуралық шешімдер мен технологиялар талқыланады. Бастама саланың жетекші ойыншыларын – Halyk пен Visa компанияларын біріктіріп, цифрлық өнімдер жасап, Қазақстанның өңірлік технологиялық көшбасшылығын дамытып жүрген мамандар үшін білім мен тәжірибе алмасу кеңістігін қалыптастырады.
Конференцияда Halyk пен Visa компанияларының сарапшылары, сондай-ақ шараның арнайы қонағы – inDrive компаниясының негізін қалаушы әрі СЕО Арсен Томский сөз сөйлейді.
Конференцияға қатысу тегін. Тіркеуден өтуді іс-шараның ресми сайтында жасауға болады Halyk OIY Tech.
RUS