459

Трамп: «Ресейдің экономикасы кез келген сәтте күйреуі мүмкін»

Путинмен арамыз жақсы еді дейді.

Трамп: «Ресейдің экономикасы кез келген сәтте күйреуі мүмкін»
Michael Reynolds / EPA / ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты көңілі қалғанын мәлімдеді. Ол Ресейдің Украинадағы соғысты жалғастыруы ел экономикасын «кез келген уақытта құлатуы мүмкін» екенін айтты.

14 қазан күні Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген Трамп Ресейдегі «жанармай тапшылығы мен ұзын-сонар кезектер» туралы айтып, Путиннің әрекеттерін сынға алды. Президент әкімшілігінің YouTube-арнасында сол жиынның бейнежазбасы жарияланған.

«Мен қатты ренжідім, өйткені Владимирмен арадағы қарым-қатынасымыз жақсы еді. Бірақ ол бұл соғысты тоқтатуы керек. Ресейде қазір халық бензин алу үшін ұзақ кезекте тұр. Егер бәрі осылай жалғаса берсе, оның экономикасы опырылып түсуі мүмкін», — деді Трамп.

Оның айтуынша, Путин соғысты «төрт жылға созып жіберді», ал оны «бір аптада аяқтауға болатын еді».

«Ол жартытора миллионнан астам әскерін жоғалтты. Бұл соғыс оған өте жаман әсер етті. Ол мұны тоқтата алар еді», — деді АҚШ президенті.

Материал авторы