Алматыда 13 жастағы жасөспірім тізгіндеген көлік апатынан екі адам қаза тапты
Бала ауруханада жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Жалпақсай ауылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 34 жастағы ВАЗ жүргізушісі жол беру ережесін бұзып, Hyundai Grandeur көлігімен соқтығысқан.
Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігінің рөлінде небәрі 13 жастағы жасөспірім болған. Қатты соққыдан кейін көлік бағанаға соғылған. Бұл туралы Qumash телеграм-арнасы жеткізді.
Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Қазір полиция апаттың нақты себебін және көлікті кім басқарғанын анықтап жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші