303

Иранда екі француз азаматы Израиль барлауына көмектесті деген айыппен сотталды

Иран билігі сотталғандардың француз арнайы қызметтерімен байланысы бар екенін мәлімдеді.

Иранда екі француз азаматы Израиль барлауына көмектесті деген айыппен сотталды
AFP - Betrand Guay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран соты шпиондық іс бойынша екі француз азаматына үкім шығарды.

Ақпаратқа сәйкес, бірінші сот инстанциясы 9 наурыз 2023 жылы ұсталған екі шетелдікке қатысты үкімін 14 қазанда жариялаған. Бірі 20 жылға бас бостандығынан айырылды, оған қоса басқа баптар бойынша қосымша 6,5 жыл тағайындалған. Екінші азамат 17 жылға сотталып, тағы 10,5 жыл қосымша жаза алды.

Айыптау актісінде екі француз Иран аумағында барлау қызметімен айналысып, елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасағаны, сондай-ақ Израильдің барлау құрылымына көмек көрсеткені жазылған.

Иран билігі олардың француз арнайы қызметтерімен байланысы бар екенін мәлімдеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ — қорғаушылар үкімге 20 күн ішінде Жоғарғы сотқа шағым түсіре алады.

Материал авторы