ХАМАС Израильге кепілге алынған төрт адамның мәйітін қайтарды

15.10.2025, 15:15
308
ХАМАС Израильге кепілге алынған төрт адамның мәйітін қайтарды Abed Rahim Khatib/dpa/picture-alliance/Scanpix

Израиль қорғаныс күштері төрт табыттың шекарадан өткізіп алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ХАМАС қозғалысы Израильге кепілге алынған төрт адамның мәйітін тапсырды. Бұл – атысты тоқтату келісімі аясында жоспарланған 28 адамның денесін қайтару процесінің алғашқы бөлігі.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, кейбір мәйіттерді табу қиынға соғып жатыр. Өйткені кепілге алынғандар Газа секторының әртүрлі аймақтарында түрлі топтардың қолында қайтыс болған. Кейбір денелер қираған ғимараттардың астында қалып қойғандықтан, оларды алу үшін ауыр техника қажет.

Израиль қорғаныс күштері төрт табыттың шекарадан өтіп, Сот медицина институтына жеткізілгенін растады. Онда қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Марқұмдардың туыстарымен бірге әскери өкілдер еріп жүр.

ХАМАС сәрсенбі күні тағы төрт адамның мәйітін тапсыратынын мәлімдеді. Бұл шешім Израиль билігінің Рафах шекара бекетін жабық ұстау және Газаға гуманитарлық көмекті азайту туралы мәлімдемесінен кейін қабылданған.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жақын уақытта тағы бірнеше мәйіттің қайтарылатынын, бірақ барлық тұтқындар мен қаза болғандарды елге жеткізуді мақсат етіп отырғанын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп та ХАМАС-тан барлық израильдік кепілге алынғандардың денелерін қайтаруды талап етті. Ол бұл процесті өзінің Газадағы бейбітшілік жоспарының келесі кезеңі деп атады.

Кеше Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Трамптың бастамасымен жасалған жоспардың алғашқы кезеңі тұтқындарды айырбастау мен әскердің бір бөлігін Газадан шығару шараларын қамтыған.

Келісімнің келесі кезеңдерінде даулы мәселелер талқыланбақ. Соның ішінде ХАМАС-ты қарудан айыру мәселесі де бар. Қозғалыс бұл талапты әзірге қабылдамай отыр.

Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде, егер ХАМАС өз еркімен қарусызданудан бас тартса, АҚШ бұл мақсатқа күш қолдану арқылы жетуге дайын екенін айтты.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады