Әзербайжан да Қазақстан мұнайын өндіруге ниетті

15.10.2025, 15:50
477
Әзербайжан да Қазақстан мұнайын өндіруге ниетті ROBYN BECK / AFP

ҚазМұнайГаз бен SOCAR арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Қазақстандағы Дүнге кен орнын игеруге қызығушылық танытты. Бұл туралы энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов мәлімдеді.

Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» бен SOCAR арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Құжатта бірқатар бірлескен жобалар қарастырылған, соның ішінде Маңғыстау облысындағы Дүнге кен орны да бар.

«SOCAR Дүнге жобасына қатысу ниетін білдірді. Қазір екі елдің энергетика министрліктері арасында белсенді келіссөздер жүріп жатыр. Қазақстан өз тарапынан барлық қолдауды көрсетуге дайын», — деді Санжар Жаркешов.

Дүнге кен орны Түпқараған ауданында 1966 жылы ашылған. Қоры шамамен 106 млн тонна мұнай мен 6 млрд текше метр газға бағаланады. Жоба 1994 жылдан бері Oman Oil Company Ltd компаниясымен бірлесіп, өнімді бөлу туралы келісім негізінде жүзеге асып келеді. 2000 жылы сынамалық өндіру басталып, 2007 жылы толық көлемде іске қосылған. 2019 жылы келісім мерзімі 2039 жылға дейін ұзартылды.

2023 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» француздық TotalEnergies компаниясының жобадағы 60 пайыздық үлесін сатып алды. Қазір кен орнын игеруге «ҚазМұнайГаз», Oman Oil Company Ltd (20%) және Кайман аралдарында тіркелген Partex Kazakhstan Corporation (20%) қатысып отыр.

Әзербайжан энергетика министрі бұған дейін SOCAR Қазақстан мұнайын «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыры арқылы тасымалдау көлемін арттыруды көздеп отырғанын айтқан. 2027 жылға қарай бұл көлемді жылына жеті миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Мамандардың пікірінше, SOCAR-дың Қазақстандағы кен орындарына келуі екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті күшейтіп, Астанаға Ресейден тыс жаңа экспорттық бағыттарды белсендірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды