«Жұмыстан шығарады деп үміттенемін»: Димаш Құдайберген сарапшы Олжас Байділдиновке шүйлікті

Азиз Қалижан Редактор
15.10.2025, 17:52
588
«Жұмыстан шығарады деп үміттенемін»: Димаш Құдайберген сарапшы Олжас Байділдиновке шүйлікті жеке парақшасынан

Димаш Олжас Байділдиновті сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген мұнай және энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің сөзіне қатысты өз пікірін білдірді. Әнші сарапшының қазақ тілі мен Ресей мектептері туралы айтқан пікірін сынға алды.

Байділдинов бұған дейін қазақстандық БАҚ-тың шамамен 60 пайызы қазақ тілінде екенін, ал орыс мектептеріндегі бағдарламалардың 30 пайызы ғана орыс тілінде көрсетілетінін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, елдегі мектептердің 70 пайызы қазақ тілінде білім береді, сондықтан Ресейдің Қазақстанда бұрынғыдай өз мектептерін ашуы орынды болар еді. Сарапшы мұндай бастама ішкі қарсылық туғызуы мүмкін екенін де мойындаған, бірақ «оңтүстіктегі жастар орысша әрең сөйлейді, бұл еңбек миграциясына әсер етіп жатыр» деген пікір айтқан.

Бұл сөздер қоғамда үлкен резонанс тудырды. Димаш Құдайберген де үнсіз қалмады:

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен, қазақ тілінде жазбадым», — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, соңғы уақытта Байділдинов тағы бір даулы мәлімдемемен көзге түскен. Ол қоғамдық көліктегі жолақы 500 теңге болуы керек деп есептейтінін айтып, жұрттың ашу-ызасын тудырған еді. Депутаттар мұндай ұсынысты «сандырақ» деп атады, ал қоғам өкілдері сарапшыны халықтың жағдайынан бейхабар деп сынға алған.

Белгілі болғандай, Олжас Байділдинов – энергетика және қаржы саласының тәжірибелі маманы, Atameken Business арнасындағы авторлық «Байділдинов. Нефть» бағдарламасының жүргізушісі. Сондай-ақ ол бұған дейін Энергетика министрінің кеңесшісі, министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес пен «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесі құрамында болған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады