Польша СІМ басшысы ресейлік дрондардың әуе кеңістігіне кіруін «тактикалық ақымақтық» деп атады
Ресей Украинаны былай қылып, Польшаға дрондар жіберген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Ресейді Украинадағы қақтығысты «тактикалық тұрғыдан ақымақ және кері әсер ететін әрекетпен» ушықтырды деп айыптады. Ол өткен айда Польшаның әуе кеңістігінде пайда болған дрондарды Ресейге тиесілі деп санайды және бұл — әдейі жасалған қадам деген пікірде.
Министрдің айтуынша, барлық ұшқышсыз аппараттар бір нүктеден ұшырылған және олардың ешқайсысында қару болмаған. Егер бұл дрондар Украинаны түнгі уақытта шабуылдау кезінде кездейсоқ Польшаға кіріп кеткен болса, олардың бір бөлігі қаруланған болар еді, дейді Сикорский.
«Бұл дрондар Польша мен НАТО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сынау үшін әдейі жіберілген болуы мүмкін», – деп мәлімдеді министр The Guardian басылымына.
Қыркүйекте Польша мен Румыния билігі өздерінің әуе кеңістігін Ресейдің дрондары бұзғанын хабарлаған еді. Ұқсас жағдай туралы Дания мен Норвегия билігі де мәлімдеді. Ал 2 және 3 қазанда Германияның Мюнхен қаласындағы әуежай жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды — аспанда белгісіз дрондар пайда болған. Осыдан кейін Германия канцлері Фридрих Мерц Ресейді Еуропадағы жағдайды тұрақсыздандыруға талпынып отыр деп айыптады.
Кремль өз кезегінде бұл ұшырылымдарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Материал авторы