420

Трамп Қытайға жаңа баж салығын енгізіп, Украинаға арналған «Жеңіс қорын» құрмақ – БАҚ

Трамп Қытайға Ресей мұнайын сатып алуды тоқтат деп бұйырып отыр.

Трамп Қытайға жаңа баж салығын енгізіп, Украинаға арналған «Жеңіс қорын» құрмақ – БАҚ
Kevin Lamarque / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға көмек көрсету мақсатында «Жеңіс қоры» атты арнайы қаржы қорын құруды жоспарлап отыр. Бұл қорды Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын жаңа кедендік баж салығы есебінен қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл туралы The Telegraph басылымы дереккөздерге сілтеме жасап жеткізді.

Газеттің мәліметінше, Трамп қаржы министрі Скотт Бессентке жобаны Еуропа елдерінің өкілдеріне таныстыруды тапсырған. Бұл АҚШ-қа Украина президенті Владимир Зеленскийдің сапары қарсаңында жасалған. Ол жұма күні Вашингтонға келеді деп жоспарланып отыр.

Басылымның жазуынша, Трамптың бастамасы Қытайдан келетін импортқа 500 пайыздық баж салығын енгізуді қарастырады. Осылайша АҚШ бұл шара арқылы Украина Қарулы күштерін қолдауға арналған қосымша қаражат жинауды көздеп отыр.

Жоба Қытай мен Ресей арасындағы сауда байланыстарына, әсіресе Бейжіңнің ресейлік мұнайды сатып алуына ерекше назар аударады. Вашингтон бұл баж салығын енгізу арқылы Еуропа елдерін де осы қадамға қосылуға шақырмақ.

Бұған дейін Дональд Трамп 1 қарашадан бастап Қытай тауарларына баж салығын 100 пайызға дейін көтеретінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы қазір «нақты сауда соғысы» жағдайында тұр.

Материал авторы