Хакерлер оқытушыларды нысанаға алды: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

16.10.2025, 14:23
447
Хакерлер оқытушыларды нысанаға алды: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады Shutterstock

Соңғы уақытта хакерлер оқытушылар мен ЖОО қызметкерлерін құрыққа түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті білім беру саласына бағытталған жаңа кибершабуылдар толқыны туралы ескертті.

Мекеменің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығының мәліметінше, соңғы уақытта хакерлер оқытушылар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлерін жиі нысанаға алып отыр.

Шетелдік деректерге сүйенсек, АҚШ-тағы 25 университеттің 6 мыңнан астам ұстазы киберқылмыскерлердің құрбаны болған. Алаяқтар жалақы аударылатын банк деректерін қолдан бұрмалап, қызметкерлердің еңбекақысын өз шоттарына бағыттаған.

Комитет мұндай тәсілдердің басқа елдерде, соның ішінде Қазақстанда да қолданылуы әбден мүмкін екенін ескертті.

Ведомство азаматтарға кибергигиенаны сақтау қажеттігін еске салады: күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз хаттардағы файлдарды ашпау, күрделі пароль қолдану және екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды