Сегіз жыл бұрын Сирияның Ас-Сувайда қаласынан кеткен Рийан Альшебл Остельсхайм муниципалитетінен тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға түсті. Жексенбі күні ол 55,41% дауыс жинап, Марко Штраус пен Матиас Фейден басым түсті. 29 жастағы Альшебл өзінің жеңісін «сенсациялық» деп атады. «Бүгін Остельсхайм бүкіл Германия үшін космолитизм мен көзқарастың кеңдігімен үлгі болып отыр», - деді ол.
Альшебл жеңісінен кейін бірінші болып Сириядағы анасына қоңырау шалған. Баден-Вюртемберг муниципалитетінің қауымдастығының мәлімдеуінше, Альшебл – мэр қызметіне сайлауға түсіп, жеңіске жеткен алғашқы сириялық. Ол өзінің қызметіне маусымнан бастап кіріседі. Мектеп мұғалімі мен ауылшаруашылық инженерінің отбасында дүниеге келген Альшебл 20 жасқа дейінгі өмірін қаперсіз өмір деп сипаттаған. 2015 жылы Сирия үкіметіне қарсы наразылықтар басталып, оның соңы соғысқа ұласқанда бәрі өзгерген. Альшебл көптеген сириялықтар сияқты 21 жасында Түркиядан Лесбос грек аралы арқылы резеңке қайықпен Еуропаға келген. Альшебл Германияға келген соң Остельсхаймға жақын маңда тұрған.
Оның айтуынша, сол уақытта ол бір затты түсінген – тез аяққа тұрып, өз болашағына инвестиция құя бастаған. Соңғы жеті жылда ол көрші қаладағы Альтенгштет әкімшілігінде жұмыс істеп, мемлекеттік қызметті цифрландыру саласында бірнеше реформа жүргізген. «Жасылдар» партиясының мүшесі Альшеблдің қазір неміс азаматтығы бар.
Ол мэр болып сайланғаннан кейін Остельсхаймға көшеді.