«Әлі күнге дейін кешіре алмаймын»: Медеу Арынбаев өзінің шалыс басқанын ашып айтты
Әншінің айтуынша, жастықпен айтылған бір ауыз сөз кейін оның жүрегінде өшпес өкініш болып қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Медеу Арынбаев отбасы өміріндегі жүрегіне ерекше із қалдырған оқиғаны айтып, екінші сәбиі дүниеге келген кездегі әрекетіне қатысты өкінішін бөлісті.
Өнер иесі бұл оқиғаны «Хабар» арнасына берген сұхбатында еске алған. Оның айтуынша, марқұм жары Айгүл Арынбаева екінші баласына жүкті болған кезде, ол сәбидің ұл болатынына сенімді болған.
Әнші сол кезде жарының босануына бірнеше күн бар деп ойлап, достарымен бірге ұл дүниеге келеді деп күткенін айтты. Алайда көп ұзамай перзентханадан қоңырау келіп, оған қызды болғаны хабарланған.
Бұл жаңалықты естігенде өзінің абдырап қалғанын Медеу Арынбаев жасырмады. Әнші сол сәтте айтқан сөзін бүгінде де ауыр қабылдайтынын жеткізді.
Ол қызын дүниеге келген сәттен бастап ерекше жақсы көргенін, алайда сол кездегі реакциясы үшін өзін әлі күнге дейін кешіре алмайтынын айтты.
Медеу Арынбаевтың сөзінше, қазір қызының әрбір қылығына сүйсінген сайын, сол күнгі сөзі үшін іштей кешірім сұлап отырады.
Әнші бұл оқиғаның уақыт өте келе өміріндегі маңызды сабақтардың біріне айналғанын атап өтті. Жылдар өткен сайын қызына деген махаббаты артып, сол кездегі өкініші де жүрегінде сақталып қалған.
Материал авторы