455

Қояндыда екі кішкентай қыз суға батып көз жұмды

Екі кәмелетке толмаған қыз бір күнде қаза тапты.

Қояндыда екі кішкентай қыз суға батып көз жұмды
istockphoto.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Қоянды ауылында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып, қаза тапты. Қайғылы жағдай 10 тамызда су қоймасының орталық жағажайында болған.

Полицияның хабарлауынша, оқиға Қоянды ауылындағы орталық жағажайда тіркелген. Суға кеткен екі қыз да кәмелетке толмаған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу аяқталғаннан кейін істің одан әрі процессуалдық шешімі қабылданады. Полиция қайғылы жағдайдың нақты себептері мен оған қатысты өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор