918

Түркістанда тәркіленген есірткіні қайта сатты деген күдікпен полицейлер ұсталды

Іске қатысы бар тағы бір жедел уәкіл жасырынып үлгерген.

Түркістанда тәркіленген есірткіні қайта сатты деген күдікпен полицейлер ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында тәртіп сақшылары ұсталып, аймақта үлкен дау туғызды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Оның мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Ермеков пен жедел уәкіл Үсен Сұлтанбаев қолма-қол ұсталған.

Олар бұған дейін тәркіленген есірткіні қайта сатқан деген күдікке ілінді.

Дереккөздерге сүйенсек, іске қатысы бар тағы бір жедел уәкіл жасырынып үлгерген.

Козачков бұл оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдағанын айтты. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор