Атырауда әйел учаскелік полицейді пышақтап жіберді

17.10.2025, 15:25
1032
Атырауда әйел учаскелік полицейді пышақтап жіберді irbistv.kz

Оқиға 16 қазан күні кешке Привокзальный ықшам ауданында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі учаскелік инспектор көршілерден түскен шағым бойынша — айқай-шу мен қатты музыкаға байланысты— шақырту орнына келген. Тәртіп сақшылары тыныштықты бұзғандарды сабырға шақырған сәтте, пәтерде болған әйелдердің бірі пышақ ала жүгірген.

Салдарынан учаскелік инспектордың арқасына пышақ жарақаты тиген. Куәгерлердің айтуынша, бәрі санаулы секундтар ішінде болған.

Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен полицейді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.

37 жастағы күдікті әйел ұсталды.

Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігінің 1-тармағы («Билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды