SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық азамат ұсталды. Ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорының тапсырыспен өлтірілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, күдікті Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеуде жүрген.
«Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубайда ҚР азаматы ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (“Адам өлтіру”) бойынша іздеуде болған. Күдікті “Lenovo Қазақстан” компаниясының корпоративтік сату директорының тапсырыспен өлтірілуін ұйымдастырған деп саналады», — делінген ІІМ хабарламасында.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, қылмысқа техника жеткізу бойынша төленбей қалған қарыз себеп болған.
«Өткен жылдың күзінде Алматы облысында ұсталған азаматтың тапсырмасымен екі адам кісі өлтірген. Олар бұған дейін ұсталып, қамауға алынған», — деп толықтырды ведомство.
Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
RUS