1686

«Болмаса кассетаға шығарамыз»: Белгілі режиссердің сериалы бұғатталды

Мен сізге дауыс бермедім дейді режиссер депутатқа қарсы үндеуінде.

«Болмаса кассетаға шығарамыз»: Белгілі режиссердің сериалы бұғатталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, YouTube-тағы Offside қазақстандық сериалының ресми арнасы бұғатталды. Продюсер әрі актер Рүстем Омаровтың айтуынша, бұл оқиға Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтановтың сынынан кейін болған. Бұған дейін депутат отандық сериалдарда балағат сөздердің көптігіне наразы болған еді.

Омаровтың жеке парақшасы да бұғатталған.

«Біздің аса қадірлі депутат ағамыз “боқтау болмайды” деді. Құрметті аға, сізге басқа сериал көру керек. Мен сізге дауыс бермедім, бәлкім сізге ешкім де дауыс бермеген шығар», — деді Рүстем Омаров.

Продюсер жобаның жабылмағанын айтып, сериалды қайта көрсету үшін команда жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

«Проблема бар, бірақ бәрі шешіледі. Жаңа YouTube арна ашамыз. Егер тағы да бұғаттаса, DVD не видеокассетаға шығарамыз», — деп қалжың аралас айтты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжілісте руган сөздер, қыз ұрлау және зорлық көріністері бар сериалдарға тыйым салу мәселесі көтерілген еді. Бірақ бірқатар депутаттар мен мәдениет өкілдері қатаң цензураның шығармашылық еркіндікке кедергі болатынын айтып, бұл бастамаға қарсы шыққан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор