541

Трамп Ресей мен Украинаға қазіргі шепте соғысты тоқтатуды ұсынды

Донбасс аймағын қазіргі жағдайға сай бөліскен дұрыс дейді Трамп.

Трамп Ресей мен Украинаға қазіргі шепте соғысты тоқтатуды ұсынды
AP Photo / Alex Brandon

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтату керекдеп мәлімдеді. Ол мұны Ақ үйдің баспасөз пулына берген сұхбатында айтты.

Трамптың сөзінше, келешектегі шекара мәселесін талқылау оңай болмайды, сондықтан қазірдің өзінде қақтығысты тоқтату маңызды.

«Донбасс аймағын қазіргі жағдайға сай бөліскен дұрыс. Өйткені Ресей қазір оның шамамен 78 пайызын бақылауда ұстап отыр. Қалған мәселелерді кейін келісіп алады», — деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ Трамп 17 қазанда Ресей президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде Донбастың толықтай Ресейге берілуі жайлы сөз болмағанын атап өтті. Бұған дейін ол соғыстың аяқталуы Украина үшін территориялық шығындарға алып келетінін де айтқан еді.

Ал Financial Times газетінің хабарлауынша, екі президент арасындағы әңгіме бірнеше рет шиеленісіп, тіпті дауласуға ұласқан. Басылымның дерегінше, Трамп бір сәтте қолындағы әскери картаны шетке лақтырып, Украинаның Донбасты түгелдей Ресейге беруі керек деп талап еткен.

Материал авторы