Қазақстанда жеңілдетілген ипотека қарашадан бастап іске қосылады

20.10.2025, 10:30
489
Қазақстанда жеңілдетілген ипотека қарашадан бастап іске қосылады SMARTNEWS.KZ коллажы

Елімізде тұрғын үй алуға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар қайта жанданады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары аясындағы қаржыландыру көлемін 500 миллиард теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл туралы Krisha.kz жазды.

«Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл сома былтырғы мөлшерден екі есе көп, ал жаңа несиелердің берілуі 2025 жылдың қараша айында басталады.

«Қазір біз екі нұсқаны қарастырып жатырмыз: не жаңа өтінім қабылдау байқауын өткіземіз, не наурыз айында өтінім беріп, өтпей қалған азаматтарға мүмкіндік береміз», – деді Ибрагимова.

Банк жеңілдетілген ипотеканың нақты шарттары мен тетіктерін кейінірек жариялайтынын хабарлады.

Бағдарламадағы жаңа мүмкіндік

Маңызды жаңалықтардың бірі – құрылыс компанияларымен жасалатын офтейк-келісімшарттар.

«Застройщиктер үш жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға міндеттеледі», – деп түсіндірді банк төрайымы.

«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларының шарттары

Қайда және қандай үй алуға болады:

Астана, Алматы және облыс орталықтарында – тек алғашқы нарықтағы жаңа пәтерлер;

Басқа өңірлерде – жаңа немесе екінші деңгейлі тұрғын үй сатып алуға рұқсат.

Негізгі шарттар:

Сыйақы мөлшерлемесі: әлеуметтік әлсіз топтарға – 7%, қалғандарына – 9%;

Бастапқы жарна: таза әрлеудегі пәтерге – 10%, жөндеусіз пәтерге – 20%;

Несиенің ең жоғарғы сомасы:

Астана мен Алматыда – 36 млн теңгеге дейін,

басқа өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін.

Талаптар:

Соңғы 5 жылда өз меншігінде тұрғын үй болмауы;

«Отбасы банкінде» кемінде 2 млн теңге жинағы болуы.

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына қатысу үшін азамат өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы немесе су ресурстары саласында жұмыс істеуі қажет.

Әскери қызметкерлерге де мүмкіндік

Сонымен қатар, бұған дейін үлкен сұранысқа ие болған «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады. Ол бойынша әскери қызметкерлер екінші нарықтан тұрғын үй сатып ала алады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады