Мектеп оқушыларының күзгі каникулы қашан басталады?
Бір аптадан соң балалардың демалысы басталмақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мектептерінде алғашқы тоқсанның аяқталуына аз қалды. Ал оқушылар көптен күткен демалысын 27 қазаннан бастап өткізеді.
Білім беру министрлігі бекіткен кестеге сәйкес, күзгі каникулдар 27 қазан мен 2 қараша аралығында, яғни жеті күн жалғасады. 3 қарашада балалар қайтадан сабаққа оралады.
Министрлік мектептерге демалыс кезеңіне арналған арнайы іс-шара жоспарын жолдаған. Онда оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуге бағытталған түрлі шаралар қамтылған. Мысалы, кітап оқу апталығы, қауіпсіздік сабақтары, мектепішілік театр қойылымдары және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, мектептерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу, үй мен көшедегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, өрт қауіпсіздігі мен киберқауіпсіздік сабақтарына назар аудару тапсырылды.
Материал авторы