Украина дронмен соққы берген ресейлік зауыт салдарынан Қазақстанда мұнай мен газ өндіру тоқтады

20.10.2025, 17:39
441
Украина дронмен соққы берген ресейлік зауыт салдарынан Қазақстанда мұнай мен газ өндіру тоқтады REUTERS/Turar Kazangapov

Орынбордағы зауыт зақымданған соң, Қарашығанақтағы жұмыс күрт қысқарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украинаның дрон арқылы Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасаған соққысы Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірінде мұнай мен газ өндірудің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Сарапшылардың айтуынша, шығын көлемі өндірістің үштен біріне дейін жетіп, экспорт пен халықаралық серіктестерге әсер етіп отыр.

Reuters агенттігінің дерегінше, Ресейдің Орынбор облысындағы газ өңдеу зауыты зақымданған соң, Қазақстан Қарашығанақ кен орнындағы өндіріс көлемін күрт қысқартуға мәжбүр болған. Қазір өндіріс 25–30 пайызға төмендеп, тәулігіне небәрі 25–28 мың тонна өнім ғана алынып отыр (бұрын 35–35,5 мың тонна болған).

Қазақстан Энергетика министрлігі де Орынбор зауытының қазақстандық газды қабылдауды уақытша тоқтатқанын растады. Бұл зауыт — аймақтың басты өңдеу кәсіпорындарының бірі және «Газпромның» бақылауында. Агенттіктің мәліметінше, кәсіпорын бүгіннен бастап шектеулі режимде жұмысын қайта бастау мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ толық қалпына келу мерзімі белгісіз.

Киевтің ресми мәлімдеуінше, дрон соққысы Орынбор облысындағы зауытқа және Самара аймағындағы мұнай өңдеу нысанына бағытталған. Украина тамыздан бері Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына соққыларды жиілетіп, Мәскеудің мұнай мен газ табысынан айыруды көздеп отыр.

Қарашығанақ кен орны — Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіндегі стратегиялық жоба. 2024 жылы мұнда тәулігіне шамамен 263 мың баррель мұнай өндірілген. Өнімнің негізгі бөлігі Каспий құбыр консорциумы арқылы Қара теңіздегі Ресей терминалына, сондай-ақ «Дружба» құбыры арқылы Германияға экспортталады.

Кен орнын бірлесіп игеріп отырған халықаралық консорциум құрамында Chevron (18%), Shell мен Eni (әрқайсысы 29,25%), «Лукойл» (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» (10%) бар.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды