«Ядролық қаруымызды жойдым дегені бос сөз!»: Иран басшысы Трамптың ұсынысынан бас тартты

21.10.2025, 10:35
430
«Ядролық қаруымызды жойдым дегені бос сөз!»: Иран басшысы Трамптың ұсынысынан бас тартты АР

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс қайта күшейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздер жөніндегі ұсынысын қабылдамай, Вашингтонның Иранның ядролық әлеуетін жойғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Тегеран мен Вашингтон арасындағы ядролық мәселеге қатысты жанама келіссөздердің бес раунды маусым айындағы 12 күндік әуе соғысынан кейін тоқтаған. Сол кезде АҚШ пен Израиль Иранның бірнеше ядролық нысандарына соққы жасаған еді.

«Трамп өзін мәмілегер ретінде көрсеткісі келеді, бірақ егер келісім күшпен таңылса, оның нәтижесі алдын ала анықталса, бұл келісім емес — зорлық пен үстемдік», — деді Хаменеи мемлекеттік БАҚ-қа берген мәлімдемесінде.

Өткен аптада Дональд Трамп Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде Вашингтон мен Тегеран арасында «бейбіт келісімге» қол жеткізу мүмкіндігін оң бағалап, Газа секторында Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнен кейін диалог орнату «жақсы болар еді» деген пікір айтқан.

Бұған жауап ретінде Хаменеи:

«АҚШ президенті мақтанып, біздің ядролық өнеркәсібімізді жойдық дейді. Өте жақсы, армандай берсін! Иранның ядролық нысандары бар ма, жоқ па — оған Американың не қатысы бар? Мұндай араласу орынсыз әрі зорлықшыл әрекет», — деп мәлімдеді.

Батыс елдері Иранды уран байыту арқылы жасырын түрде ядролық қару жасауға талпынып отыр деп айыптайды. Алайда Тегеран бұл айыптауды жоққа шығарып, бағдарлама тек бейбіт энергетикалық мақсатқа бағытталғанын айтады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды