Қайрат – Пафос арасындағы ойын бос стадионда өтеді

21.10.2025, 10:52
375
Қайрат – Пафос арасындағы ойын бос стадионда өтеді instagram.com/f.c.kairat

«Пафос» «Қайраттан» қорықпайтынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Алматыда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші ойын өтеді — жергілікті «Қайрат» кипрлік «Пафоспен» кездеседі. Бірақ матчқа сұраныс төмен: сатылған билеттер саны небәрі 30 пайыз шамасында.

Бұған жанкүйерлердің бойкоты себеп болды. Олар билет бағасының қымбаттығына наразылық білдіріп, матчқа бармайтынын жариялаған. Стадион басшылығы бағаны «турнир деңгейіне сай» деп түсіндіргенімен, көпшілік бұл шешімге келіспей отыр.

Бұған қарамастан, «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин команда толық дайын екенін айтты:

«Біз қарсыласты құрметтейміз, бірақ өз алаңымызда тек жеңіске ойнаймыз», — деді ол баспасөз жиынында.

Ал кипрлік Alphanews.live басылымы өз мақаласында «Қайратты» «гранд клуб емес» деп атап, «Пафос» қорықпай келіп отырғанын жазды.

«Бұл кипрлік клубтың топтық кезеңдегі алғашқы жеңісін алу мүмкіндігі. “Қайрат” қауіпті қарсылас, бірақ жеңілмес клуб емес», — делінген жарияланымда.

Айта кетейік, матч бүгін 21:45-те басталады.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті