518

Петропавлдағы фанер комбинатында жұмысшыны металл көтергіш басып қалды

Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Петропавлдағы фанер комбинатында жұмысшыны металл көтергіш басып қалды
hydrocube.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда орналасқан Солтүстік фанер комбинатында 42 жастағы жұмысшы қаза тапты. Оқиға 19 қазанда өндіріс аумағында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамды металл көтергіш құрылғысы басып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады — алған жарақаттары өмірге сәйкес келмеген.

Полиция департаментінің хабарламасында:

«19 қазанда Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінде техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі тіркелді. Соның салдарынан 42 жастағы жұмысшы қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген.

Комбинат Петропавлда шамамен бес жыл жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 250-ге жуық қызметкер еңбек етеді.

Тергеу шеңберінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен өндірістік бақылаудың деңгейі тексерілмек. Ал кәсіпорын басшылығы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Материал авторы