477

Еңбек министрлігі: «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға ақылы еңбек демалысы төленбейді»

Өзін жұмыспен қамтығандар емдік демалыс күндері үшін ақы алмайтыны нақтыланды.

Еңбек министрлігі: «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға ақылы еңбек демалысы төленбейді»
c-med.mcfr.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға ақылы еңбекке жарамсыздық парағы (больничный) төленетіні туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі заңнамаға сәйкес, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты тек нақты әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда ғана төлем жүргізеді. Олар мыналар:

— еңбекке жарамдылығын жоғалту;
— асыраушысынан айырылу;
— жұмысынан айырылу;
— жүктілік пен босану, бала асырап алу кезеңінде табыс жоғалту;
— бала күтіміне байланысты табыс жоғалту (1,5 жасқа дейін).

Сондықтан уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты төлемдер — яғни, емдік демалысы үшін төлем — МӘСҚ есебінен жалдамалы қызметкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға төленбейді.

Сонымен қатар, министрлік 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі енгізілетінін растады. Бұл жүйе әлеуметтік төлемдер жасауды міндеттейді.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жоғарыда аталған әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді», — делінген министрлік хабарламасында.

Еңбек министрлігі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Материал авторы