Банктерге «халық» деп аталуға рұқсат берілмеуі мүмкін

21.10.2025, 14:29
799
Банктерге «халық» деп аталуға рұқсат берілмеуі мүмкін Pixabay

Депутаттар «халық» сөзін банктің атауына қолдануға тыйым салуды ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаттары коммерциялық ұйымдардың, соның ішінде банктердің атауларында «халық» және «народный» сөздерін пайдалануға шектеу қоюды ұсынып отыр. Тиісті ұсыныс 50-ден астам депутат қол қойған бастаманың бір бөлігі ретінде «Банктер және банк қызметі туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы жобада көрсетілген.

Ұсынысқа сәйкес, банктердің атауы бірқатар талаптарға сай болуы тиіс. Атап айтқанда, заңға «банктер өз атауында «ұлттық», «орталық», «мемлекеттік», «республикалық», сондай-ақ «халық», «народный» сөздерін толық немесе қысқартылған түрде кез келген тілде қолданбауы тиіс» деген норма енгізу көзделген.

Депутаттардың түсіндіруінше, «халық» ұғымы Қазақстан Конституциясында ерекше құқықтық және символикалық мәнге ие. Негізгі заңның 3-бабында «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деп көрсетілген. Сондықтан бұл термин жеке коммерциялық ұйымдарға емес, бүкіл қоғамға қатысты деп саналады.

Бастаманы қолдаушылардың пікірінше, мұндай сөздерді жеке меншік банктердің атауында қолдану азаматтарды шатастырып, олардың ұйымды мемлекетпен немесе қоғамдық құрылыммен байланысты деп қабылдауына себеп болуы мүмкін.

Депутаттар сондай-ақ халықаралық тәжірибеде «ұлттық», «халықтық», «мемлекеттік» сияқты сөздер тек мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке тиесілі институттарға арналғанын атап өтті.

Ұсынысқа Мәжіліс депутаттары Марат Бәшімов, Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев және басқа да 40-тан астам халық қалаулысы қол қойған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды