Гарвардқа жол ауылдан басталады: 64 мың ауыл баласы үздік университетке түсуге бақ сынап жатыр

21.10.2025, 14:52
609
Гарвардқа жол ауылдан басталады: 64 мың ауыл баласы үздік университетке түсуге бақ сынап жатыр IQanat

Ауыл түлектері жаңа белесті бағындырмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан 64 мыңнан астам ауыл оқушысы IQanat олимпиадасына қатысып, Гарвард, Йель және Барқыт Лигасының басқа да университеттеріне түсу мүмкіндігі үшін бақ сынап жатыр.

IQanat – еліміздегі ең ауқымды әлеуметтік-білім беру жобаларының бірі. Оны қазақстандық кәсіпкерлер тобы ауыл жастарына тең мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырып келеді. Ең бастысы — жобаның арқасында ауыл балалары үшін әлемдік деңгейдегі білім бұрынғыдай қол жетпес арман емес.

Былтырдан бастап жоба қамқоршылары ерекше шешім қабылдаған: Гарвард, Йель және өзге беделді шетелдік университеттерге түскен кез келген IQanat түлегіне толық грант беріледі. Бұл грант оқу ақысын ғана емес, жол, жатақхана және өзге де шығындарды да қамтиды.

Биыл IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі елдің барлық 17 өңірінде басталып, қатысушылар саны бойынша тарихи рекорд орнатты. Олимпиадаға 3300 ауыл мен 170-тен астам ауданнан 64 мың оқушы тіркелді.

IQanat-та мектептегі бағалар есепке алынбайды — маңыздысы баланың әлеуеті мен ойлау қабілеті. Тестілерде математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау мен қазақ тілінен білім деңгейі бағаланады.

Барлық үш кезеңнен сүрінбей өткен оқушыларға Burabay-дағы IQanat High School мектеп-пансионатында немесе үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасы аясында білім алуға грант беріледі. Бұл бағдарламада олар ағылшын тілін, ІТ мен кәсіпкерлікті меңгеріп, soft skills дағдыларын дамытады және ҰБТ мен халықаралық емтихандарға дайындалады.

Жобаның атқарушы директоры Азамат Ашамаевтың айтуынша, IQanat түлектерінің жетістігі — жобаның нақты нәтижесі.

«Біздің дайындықтан өткен түлектердің 94 пайызы жоғары оқу орындарына грантпен түседі. IQanat мектебі Назарбаев Университетіне түскен түлектер саны бойынша елдегі үздік бестікке енді. Қазір университетте шамамен 90 түлегіміз оқып жатыр. Ал шетелде білім алып жатқан “айқанаттықтар” саны 19 елде өсіп келеді», — дейді Ашамаев.

Оның айтуынша, жоба қамқоршылары ауыл балаларының әлеуетіне сенеді және олардың өмірін түбегейлі өзгертетін мүмкіндік беріп отыр.

IQanat жобасын елдегі 240-тан астам белгілі кәсіпкер қолдайды. Олардың көбі – өздері де ауылда өскен, еңбек пен білім арқылы табысқа жеткен азаматтар.

Жоба аясында оқушыларға арналған мотивациялық кездесулер мен тренингтер өтеді. Қамқоршылар балалармен жүздесіп, өз тәжірибесімен бөліседі.

«Ауылда туып, әлемдік деңгейге жеткен әрбір кәсіпкер – балалар үшін тірі мысал. Бұл – сенуге, армандауға және мақсат қоюға үйрететін шынайы мектеп», — дейді ұйымдастырушылар.

IQanat – жай ғана олимпиада емес, ауыл мен әлем арасындағы көпір. Бүгінде бұл жоба мыңдаған жасөспірімге өз тағдырын өзгертіп, әлемнің үздік университеттерінің есігін ашуға мүмкіндік беріп отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды