Тоқаев мұнай мен уран экспортына жәрдемдескен Әлиевке ризашылығын білдірді

21.10.2025, 15:16
1073
Тоқаев мұнай мен уран экспортына жәрдемдескен Әлиевке ризашылығын білдірді Ақорда

Тоқаев Әлиевке алғысын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекеттер басшылары екіжақты келіссөз өткізіп, Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің қорытындылары бойынша бірлескен брифинг ұйымдастырды. Президент Тоқаев алдымен Әлиевтің шақыруды қабыл алып, Астанаға арнайы келгені үшін ризашылығын білдірді.

Брифингте Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Астанаға мемлекеттік сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалап, әріптесіне мұнай мен уран тасымалына қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс айтты.

«Былтыр Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнай транзиті бір жарым миллион тоннаға жуықтады. Бұл – екі елдің табысты серіктестігінің айқын көрінісі. Алдағы уақытта бұл көлемді едәуір арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық уран өнімдерін жеткізу бағытында да үлкен жұмыс атқарылуда. Осы бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан Ильхам Гейдарұлына алғысымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде энергетика, көлік және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық басты назарда болды. Президент Тоқаев теңіз табаны арқылы төселетін электр кабельдері жобасының ұлттық энергия жүйесін дамытуға серпін беретінін, сондай-ақ «жасыл» энергия экспортындағы Қазақстанның позициясын күшейтетінін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар ІТ және жасанды интеллект саласындағы серіктестік мәселесін талқылады. Тоқаев Қазақстанның цифрлық үкімет құру мен ІТ-индустрияны дамыту тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.

«Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасын жеделдету қажет. Бұл өңірлік цифрлық интеграцияға серпін береді. Үкіметтерге осы бағытта нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды», – деді Президент.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел басшылары стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті екенін растады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді