SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Республика күніне орай ұйымдастырылған «Береке Fest» акциясы барысында қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдеріне сұраныс айтарлықтай артқан.
Wildberries дерегінше, қазан айының ортасынан бері онлайн сатып алу белсенділігі өткен аптамен салыстырғанда 5%-ға өскен. Қазір акцияға 8,5 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер қатысып жатыр. Олар өз тауарларына 10%-дан 90%-ға дейін жеңілдік мөлшерін өздері белгілейді.
Ең көп сұранысқа ие санаттар:
желі жабдықтары – +223% (ақшалай мәнде);
бау-бақша техникасы – +134%;
автокөлік электроникасы – +114%;
балалар тағамы – +101%;
асүй техникасы – +13%.
Сатылымда ең көп өткен тауарлар қатарында шырынсыққыштар (18 есе артқан сұраныс), смартфондар (10 есе), электр аралар мен қар тазалайтын машиналар (7 есе), спорттық аксессуарлар (4 есе) және сымсыз шаңсорғыштар (2 есе) бар.
Ең белсенді өңірлер
Онлайн сатып алушылардың белсенділігі бойынша көш басында Алматы, Қарағанды, Астана, Павлодар, сондай-ақ Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Береке Fest» акциясы
Бұл бастама 2025 жылдың қыркүйек айының соңында Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен іске қосылған. Бүгінде оған ел бойынша 80-нен астам ірі сауда желілері қатысып отыр. Қазан айының ортасында акцияға Wildberries, Kaspi және Teez сынды ірі онлайн платформалар қосылып, жоба ауқымы айтарлықтай кеңейді.
Бастаманың мақсаты – отандық бизнесті қолдау және қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін көпшілікке қолжетімді ету.
RUS