«Түнімен телефон қарап жатады»: Жамбылда телефон үшін ұлын ұрып тастаған әке жазаланды
Ер адам баласын тәрбиелеймін деп істі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында ер адам өз баласына күш қолданғаны үшін сотталды. Ол бұл әрекетін «тәрбие мақсатында жасағанын» айтқан. Бұл туралы өңірлік сот жазды.
Оқиға шілде айында Жаңатас ауылында болған. Тергеу мәліметінше, әкесі ұлын түнде телефонмен ұзақ отырғаны әрі таңертең уақытында тұрмағаны үшін ұрған.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген. Баланың анасы күйеуін кешірген.
Сарысу аудандық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Материал авторы