942

Алматыда мас «полицейдің» масқара болған бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)

Алматыда теңселіп жүрген полицияның резонанс тудырған видеосы тексеріліп жатыр.

Алматыда мас «полицейдің» масқара болған бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)
t.me/@qumash_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда полицей формасын киген ер адамның мас күйде жүрген видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ер адамның тіпті тік тұра алмай, көлікке сүйеніп тұрғаны байқалады.

Видеода ол қара түсті форма киіп, үстінде «police» деген жазуы бар. Ер адам бірнеше рет көлік есігін ашпақ болып, теңселіп тұрады, кейін тепе-теңдігін жоғалтып, көліктің капотына сүйеніп қалады. Бұл сәт желі қолданушылар арасында қызу талқыланып, резонанс тудырды.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қазір видеодағы ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Оның құқық қорғау органдарына қатысы бар-жоғы тексерілуде. Барлық мән-жай мұқият зерттеледі», – делінген ДП Алматының хабарламасында.

Ведомство өкілдері мұндай әрекетке қатаң шара қолданылатынын атап өтті.

«Ішкі істер органдарында полицейдің абыройы мен атағын былғайтын адамдарға орын жоқ. Ақпарат расталса, кінәлі тұлға тәртіптік жауапқа, тіпті жұмыстан босатуға дейінгі жазаға тартылады», – деді полицияда.

Материал авторы