Украина дрондарының шабуылынан кейін тоқтаған Қарашығанақтағы мұнай өндіру үш күнде қайта жанданады

21.10.2025, 17:12
749
Украина дрондарының шабуылынан кейін тоқтаған Қарашығанақтағы мұнай өндіру үш күнде қайта жанданады kmg.kz

Орынбордағы зауыт Украина шабуылынан соң істен шыққан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орынбор газ өңдеу зауытына украиналық дрондар жасаған шабуылдан кейін Қарашығанақ кен орнында өндіріс көлемі уақытша төмендеген еді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі шектеулер шамамен 9 мың тонна сұйық көмірсутек өндірісінің азаюына алып келген.

«Біз жақын күндері, шамамен үш тәулік ішінде бұл шектеулердің алынатынына және Қарашығанақтағы өндіріс қалпына келетінін үміт етеміз», — деді Әккенженов.

Оның сөзінше, қазіргі таңда қазақстандық газды Орынбор зауыты қабылдау көлеміне шектеу сақталып отыр. Бұл белгілі бір экономикалық әсер беріп отыр, өйткені зауыт жыл сайын Қазақстаннан шамамен 9 миллиард текше метр газ өңдейді. Қазіргі жағдайда газды өңдеудің балама бағыттары жоқ.

Сонымен қатар министр ішкі нарыққа қауіп жоқ екенін атап өтті:

«Қазақстанның ішкі қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі, тапшылық болмайды», — деп сендірді ол.

Ақкенженов сондай-ақ Қазақстанның Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу жобасын қолға алғанын еске салды. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы, шетелдік операторларды тартпай жүзеге асырылады. Қазір жаңа зауыттың техникалық параметрлері мен инфрақұрылымға интеграциясыпысықталып жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды