1221

Журналист Асхат Ниязовтың тақия туралы орынсыз қалжыңына қатысты полицияға арыз түсті

Журналист тақияны қорлайтын мағынадағы әзіл айтқан көрінеді.

Журналист Асхат Ниязовтың тақия туралы орынсыз қалжыңына қатысты полицияға арыз түсті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Асхат Ниязовтың стендап-шоу кезінде айтқан әзілінен кейін оған қарсы полицияға арыз жазылды.

Белгілі қоғам белсендісі Диас Құзайыров журналист Асхат Ниязовтың сөзін ұлтаралық араздықты қоздыру ретінде бағалап, құқық қорғау органдарына өтініш берген. Оның айтуынша, журналист тақияға қатысты қалжыңында ұлттық құндылықтарды қорлайтындай мағына болған.

Құзайыровтың пікірінше, танымал тұлғаның мұндай сөзі қазақ халқының рәміздері мен дәстүрін менсінбеу болып саналады. Сол себепті ол құқық қорғау органдарынан бұл жағдайға құқықтық баға беруді сұраған.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, ұлтаралық араздықты қоздыру әрекеті үшін айыпты деп танылған адамға ірі көлемдегі айыппұл салынуы немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір бұл шағым бойынша полиция тарапынан тексеріс жүргізіледі деп күтілуде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор