Каспий көпірі: Қазақстан мен Әзербайжан 16 келісіммен байланысын бекемдеді

21.10.2025, 18:53
681
Каспий көпірі: Қазақстан мен Әзербайжан 16 келісіммен байланысын бекемдеді Ақорда

Сауда, өнеркәсіп, туризм мен цифрлық технологияны қамтитын 16 меморандумға қол қойылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында өткен Қазақстан–Әзербайжан бизнес-форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды жаңа белеске шығарды. 

Форум нәтижесінде тараптар сауда, өнеркәсіп, логистика, туризм, білім және цифрлық технологиялар салаларын қамтитын 16 келісім мен меморандумға қол қойды.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында өзара тауар айналымы $343,3 млн-ға жетіп, көрсеткіш екі есе артқан. Оның ішінде Қазақстан экспорты $290,8 млн құраса, Әзербайжаннан импорт көлемі 58%-дан астам өскен.

Вице-министр Қазақстанның Әзербайжанға экспортталатын өнім түрлерін ұлғайтуды көздеп отырғанын атап өтті. Елдің жоспары бойынша жалпы көлемі 14,5 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу қарастырылған. Бұл тізімге дәнді және майлы дақылдар, ұн, май және картоп кіреді.

«Қазір ең бастысы – тұрақты өндірістік байланыс орнатып, ортақ жобалар жасау. Кооперация дегеніміз — бірлесіп даму. Біз бәсекелестік арқылы емес, серіктестік арқылы өсуді көздейміз», – деді Айдар Әбілдабеков.

Форум барысында «Қазпошта» мен Zira Port, «Атамекен» ҰКП мен KOBIA агенттігі, сондай-ақ екі елдің бірнеше жеке компаниясы арасында ынтымақтастық туралы құжаттар қабылданды.

Маңызды келісімдердің бірі – экспортты ілгерілетуге бағытталған QazTrade пен AZPROMO ұлттық институттары арасындағы меморандум болды.

QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров кооперацияның нақты экономикалық нәтижелерге әкелетінін атап өтті:

«Агроөнеркәсіп пен өндірістік кооперацияда үлкен әлеует бар. Біз әзербайжандық серіктестермен жаңа өндірістер ашуға, өңдеу және қаптама саласын дамытуға, сондай-ақ үшінші елдердің нарығына бірлесіп шығуға дайынбыз. Кооперация — бұл бос ұран емес, нақты іс пен келісімнің бастауы».

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)