Түрікменстанда президенттің кортежі кесірінен жүкті әйел қайтыс болған

Азиз Қалижан Редактор
22.10.2025, 09:31
644
Түрікменстанда президенттің кортежі кесірінен жүкті әйел қайтыс болған azathabar.com

Күзетшілер өткізбей қойған соң, әйел жолда ауруханаға жете алмай көз жұмған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түрікменстанның Лебап уәлаятында президент Сердар Бердімұхамедовтың сапары кезінде жүкті әйел ауруханаға жете алмай, қайтыс болды.

«Азатлык» радиосының түрікмен қызметі хабарлауынша, оқиға 15 қазанда Түрікменабат қаласында болған. Сол күні Бердімұхамедов химиялық зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысып, соның салдарынан қаладағы барлық жол уақытша жабылған.

Жергілікті дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің айтуынша, жолдардың жабылуы салдарынан жедел жәрдем көліктері де ауруханадан шыға алмаған.

«Сол күні жедел жәрдем көліктерінің бірде-бірі қала тұрғындарының шақыруына бара алмады. Қорғаныс қызметі машиналарды аурухананың ауласынан шығаруға да рұқсат бермеді», — дейді жергілікті медицина қызметкерлері.

Осы сәтте бір ер адам жүкті әйелін ауруханаға өз көлігімен жеткізбек болған, алайда күзетшілер көлікті өткізбеген. Әйел жолда көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам тізерлеп, күзетшілерден өтініп жылаған, бірақ оған жол ашылмаған.

«Оған “айналып, басқа ауруханаға барыңыздар” деді. Алайда олар жеткенше әйел мен іштегі бала шетінеген. Дәрігерлер “Сіздер кешіктіңдер” деп, бірден полиция шақырған», — дейді жергілікті полиция өкілі.

Кейін ер адамға бұл туралы ешкімге айтпау ескертіліп, оның баласына зиян келуі мүмкін деп қорқытқан.

Лебап уәлаятының ресми өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Түрікменстан тұрғындары жоғары лауазымды тұлғалардың сапары кезінде жолдардың бірнеше сағат бойы жабылатынына жиі шағымданып келеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды